Жетісу облысында төрт жылда 276 әлеуметтік нысан жаңартылды

Жетісу облысында төрт жылда 276 әлеуметтік нысан жаңартылды

Жетісу облысында соңғы төрт жылда 276 әлеуметтік нысан жаңартылды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Арнаның мәліметінше, осы кезеңде облыстық және республикалық маңызы бар 1500 шақырым жол жөнделген, ал таулы аймақта баламалы энергия өндіретін станциялар салынып жатыр.

«Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» аясында өңірде тағы бірқатар инфрақұрылымдық және энергетикалық жоба жүзеге асып, жаңа нысандар бой көтермек. Жауапты мамандардың пікірінше, бұл Талдықорғандағы электр жабдықтарын шығаратын зауыттың жұмысына да серпін береді. Кәсіпорын өкілінің айтуынша, 2027 жылы Балқашта атом электр станциясының құрылысы басталып, өңірде су және жел электр станциялары салынса, зауытқа түсетін тапсырыс көбейеді.

Тұрғындар құрылыс саласының дамуын оң бағалап отыр. Олардың сөзінше, жаңа жобалар халыққа жұмыс орнын береді, тұрғын үй, мектеп, балабақша мен аурухана салуға мүмкіндік ашады, ауылдық жерлердің инфрақұрылымын көтеруге ықпал етеді. Еске сала кетейік, Президент биылғы Жолдауында барлық өңірдің әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын жаңартуға қомақты қаржы бөлінетінін мәлімдеген.

Дереккөз: 24.kz. Фото: 24.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *