Ифрақұрылымдар заман талабына сай жаңғырады

Ифрақұрылымдар заман талабына сай жаңғырады

«Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Римма Салықова, Асқар Пұсырманов және Амангелді Есбай «Жетісуэнерготрейд» серіктестігі еңбек ұжымымен жүздесті.
Кездесуде сөз тізгінін тартқан Амангелді Есбай жуырда ғана жарияланған стратегиялық құжат саналатын Президент Жолдауындағы негізгі басымдықтарға тоқталды.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында экономиканы дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жетілдіру сынды бірқатар өзекті мәселеге тоқталды. Бұл стратегиялық құжатта артылған міндеттерді бірлесе жүзеге асыруымыз керек,- деді штаб төрағасы.

Сондай-ақ «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын таразылап, ондағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық тынысын ашатын жоспарларды саралады.
– «Әділет» партиясы елді мекендерді газдандыру деңгейін 93,8%-ға дейін артырып, электр желілерінің тозуын 71,7%-ға, жылу желілерінің тозуын 40%-ға дейін төмендетеді. Осылайша халықтың тұрмыс сапасын жақсартамыз,- деді спикер.


Ал, Римма Салықованың айтуынша, партия өңірде 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салуды көздейді. Және инфрақұрылымдарды жаңғыртуды үдетеді.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, алдағы саяси науқанда белсенді болуға уағдаласты.

2026 жылғы 29 қарашада «Әділет» партиясына дауыс беріңіз!

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *