Алакөл ауданындағы Үшарал әуежайы кеңейтіледі

Алакөл ауданындағы Үшарал әуежайы кеңейтіледі

Алакөл ауданындағы Үшарал әуежайында қосымша жолаушылар терминалы салынады. Ұшып-қону жолағы мен тұрақ аумағы да ұлғаяды деп 24KZ хабарлады. Жұмыс біткен соң әуежай сағатына 50 емес, 125 жолаушыға дейін қызмет көрсете алады.

Жобаға бюджеттен 5,5 млрд теңге қаралып, 13 гектар жер бөлінеді. Қазір Үшарал әуежайы жазғы демалыс маусымында ғана жұмыс істеп, Алматы мен Астанадан ұшатын рейстерді қабылдайды. Талдықорған әуежайына тек Астанадан ұшақ келеді. Сала мамандары Президент Жолдауында айтылған инфрақұрылымды дамыту тапсырмасы бойынша әуе бағыттарын көбейтпек.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашевтің айтуынша, биыл өңірдің туристік нысандарына түскен жүктеме 2 млн 300 мың адамға жеткен. Демалушылардың көбі Жетісуға Алматы арқылы келген. Басқарма басшысы облыстың табиғаты әсем, тарихи орындары көп екенін, бірақ қазіргі әуе компанияларының мүмкіндігі туристер ағынын көбейтуге жетпей жатқанын айтты. Сондықтан басқарма жолаушы тасымалдайтын басқа әуе компанияларымен меморандум жасасқан. Қазір жаңа бағыттар ашып, әуе сапарларын халыққа қолжетімді ету жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: 24.kz. Фото: 24.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *