Кербұлақ ауданында жылына 30 мың тонна жем шығаратын зауыт салынып жатыр

Кербұлақ ауданында жылына 30 мың тонна жем шығаратын зауыт салынып жатыр

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында мал азығын өндіретін жаңа құрама жем зауыты салынып жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігіне сілтеме жасап, tinfo.kz сайты хабарлады.

Жобаны «JinGu Agricultural» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Нысан Жоламан ауылдық округінде 10 гектар жерде салынуда. Зауыт толық қуатына шыққанда жылына 30 мың тоннаға дейін сапалы құрама жем шығарады, ауыл тұрғындары үшін 30 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыстың барысын аудан әкімі Жанат Жүнісбеков өзі қадағалап отыр.

Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, 2026 жылдың қыркүйек–қараша айларында, жүгері кептіретін арнайы цех салынады. Бұл кезеңге 70 млн теңге инвестиция бөлінген, ал цехты баптап, іске қосу күздің соңына дейін жоспарланған. Келесі жылы зауыт толық пайдалануға беріліп, барлық негізгі өндіріс желілері іске қосылмақ.

Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін өңірдің мал азығы қоры нығайып, жергілікті мал шаруашылықтарының өсіп келе жатқан сұранысы өтеледі деп күтілуде. Сондай-ақ бұл импорттық жемге тәуелділікті азайтып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

Дереккөз: tinfo.kz. Фото: tinfo.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *