Ардагерлерді ардақтайық – ұрпақ парызы

Ардагерлерді ардақтайық – ұрпақ парызы

Қоғамның рухани тірегі, елдің өткені мен бүгінін жалғап тұрған алтын көпір — ардагерлер. Олардың өмір жолы, көрген қиындығы мен еңбегі бүгінгі бейбіт тіршіліктің негізі болып табылады. Осы орайда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ауылдық елді мекендерде тұратын қарт кісілерге әлеуметтік көмек көрсету – адамгершіліктің, ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі болды.

Аталған игі шара аудандық ардагерлер ұйымы мен бастауыш партия ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен өтті. Шара барысында тұрмыстық жағдайы төмен, жалғызбасты және көмекке мұқтаж 10-ға жуық қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық заттар табысталып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.

Бұл көмек тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен қатар қарттардың көңілін көтеріп, қоғам тарапынан қамқорлық бар екенін сезіндіретін маңызды қадам болды. Ардагерлер ақ батасын беріп, жастарға елге адал қызмет ету, бірлік пен ынтымақты сақтау жөнінде өнегелі сөздерін арнады.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге бағытталған тағылымды бастама. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастырып, қоғамдағы әлеуметтік бірлікті нығайта түседі.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *