«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму кеңесінің отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму кеңесінің отырысы өтті

Жетісу облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар Өңірлік даму кеңесінің отырысында талқыланды.
Жиын барысында жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері өңірдегі өрт қауіпті кезеңге дайындық, профилактикалық іс-шаралар, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.


Кеңес мүшелері елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейту, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ орман және дала өрттерінің алдын алу шараларын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар мен нақты міндеттер белгіленді.
✅ Өрт қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғын қауіпсіздік талаптарын сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алуға өз үлесін қосуы қажет.

AMANAT #Жетісу #ӨңірлікДамуКеңесі #ӨртҚауіпсіздігі #ҚауіпсізӨңір

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *