Жетісу облысында балалардың жазғы демалыс маусымы басталды

Жетісу облысында балалардың жазғы демалыс маусымы басталды

Жетісу облысында қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерьлері жаңа маусымды бастады. «24KZ» арнасының хабарлауынша, биыл өңірде 10 мыңнан астам бала осындай демалыс орындарында тынықпақ. Әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларын демалыспен қамтуға облыс бюджетінен 454 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Лагерьлерде балаларға патриоттық тәрбие беріліп, психологтармен сабақтар ұйымдастырылуда, зияткерлік, мәдени және спорттық жарыстар өтіп жатыр. Сала мамандарының айтуынша, демалыс орындарында бейнебақылау камералары орнатылған, күзет қызметі жұмыс істейді, ал балалардың тамақтануын санитарлық қызмет тұрақты тексеріп отырады. Ата-аналар да балаларының жағдайын келіп көре алады.

Өңірде барлығы 10 жазғы лагерь бар, оның 9-ы қазір жұмыс істеп тұр. Алакөл ауданындағы лагерь тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет еткендіктен уақытша жабылған. Облыстағы 120 мыңнан астам оқушының 90 пайызға жуығын жазғы демалыспен қамту көзделген.

Сонымен бірге аймақтағы 300-ге жуық мектепте оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізуге арналған орталықтар ашылды. Биыл олар арқылы 116 мыңнан астам жасөспірімді жазғы шараларға тарту жоспарланып отыр.

Дереккөз: 24.kz. Фото: 24.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *