ӘКІМДЕР МЕКТЕБІ – ЖАҢА БУЫН БАСШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ АЛАҢЫ

ӘКІМДЕР МЕКТЕБІ – ЖАҢА БУЫН БАСШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ АЛАҢЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Әкімдер мектебі» жобасы қолға алынды. Бұл жоба аясында 2000-нан астам ауылдық округ әкімдерін оқыту көзделген.
2025 жылдың 28 қаңтарында Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Әкімдер мектебі» жобасын іске қосу туралы тапсырма берілген, «AMANAT» партиясының тәжірибесін ескерудің маңыздылығын атап өтті. Нәтижесінде партия жанынан Үкіметтің Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсесі мен Сараптамалық орталық құрылды.

Әкімдерді оқу бағдарламасының жаңа маусымы ағымдағы жылдың қазан айынан бастау алды. Өңірде жаңадан сайланған немесе қайта сайланған 16 әкім оқудан өтетін болады.
Бағдарлама бас-аяғы 3 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде ауыл әкімдері маркетингтік зерттеу жүргізуді, яғни, скрининг жасауды, ауылдық округтердің мүмкіндігі мен ол жерде өндірілетін өнімдердің тауарлық массасын анықтауды және басым бағыттарды зерттей білуді, айқындауды үйренеді.

Екінші кезеңде партия тәлімгерлері сату нарығы бар тауарлар бойынша кооперативтік жобаларды әзірлеуді үйретеді. Мәселен, 500 тонна картоп өндіретін кооператив құруға не қажет деген сұрақтың жауабын іздейді.

Үшінші кезеңде әкімдер осы жан-жақты зерттелген, есеп-қисабы жасалған, тиімділігі айқындалған жобаны Ауылдық округтердің экономикалық даму бағдарламасына негіздеме ретінде пайдалануға үйренеді.

Мәселен, әкімдерді оқыту жұмысы биыл 17 ақпанда басталып, 13 мамырда аяқталды. Оқу бағдарламасына сәйкес, әкімдер бас-аяғы 240 сағат дәріс алады. Соның ішінде, 140 сағат – Президент жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясының, 100 сағат – «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының тәлімгерлері білім береді.

Нәтижесінде өңірден 112 әкім оқудан өтіп, 2025–2029 жылдарға жоспарланған ауылдық округтердің экономикалық дамуына арналған 608 жоба әзірленді. Оның ішінде 132 жоба – кооперативтерді құруға бағытталған. Бүгінгі таңда 2025 жылға жоспарланған 20 кооператив бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, тиісті құжаттар Жетісу облысының Өңірлік даму институтына тапсырылды, – деді «AMANAT» партиясы жанындағы Саяси менеджмент академиясының Жетісу облысы бойынша өкілі Айгүл Бералиева.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *