ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАТЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАТЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдаудың негізгі мақсаты – өңір тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді тыңдап, оларды заң аясында шешу жолдарын қарастыру болды.

Кездесу барысында тұрғындар тарихи тұлғалардың есімін ұлықтау, жастардың құқықтық жауапкершілігін арттыру, олардың қоғамдық-саяси белсенділігін күшейту, сондай-ақ әлеуметтік және қызметтік мәселелерге қатысты бірқатар ұсыныс пен өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласының тұрғыны Бекмұхамет Мәжитұлы Алаш қайраткері Базарбай Маметовтың тарихи еңбегін ерекше атап өтіп, оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында көше атауына немесе білім беру ұйымына беру, сондай-ақ тарихи тұлғалар тізіміне енгізу мәселесін қарастыру жөнінде өтініш білдірді.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек аталған мәселе бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беріп, бұл ұсыныстың белгіленген тәртіпке сай қаралатынын атап өтті. Сонымен қатар, Алаш қайраткері Базарбай Маметовтің есімін көше атауына беру мәселесі бойынша Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибековке Сарқан ауданына қатысты тиісті ұсыныстың жолдануын бақылауға алуды тапсырды.

Сондай-ақ қоғамдық қабылдау барысында қала тұрғыны Нұркен Нұғманов Ішкі істер министрлігі жүйесіне қайтадан әскери қызметке қабылдануына ықпал ету жөніндегі өтінішін жеткізді. Депутат бұл мәселе бойынша да қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жан-жақты түсінік беріп, азаматтың қайтадан әскери қызметке, оның ішінде ішкі істер органдарына қабылдану мүмкіндігі тиісті уәкілетті органдар тарапынан объективті әрі толық қарастырылуы қажеттігін атап өтті.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *