МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БОЛАТ КЕРІМБЕК ӨТЕНАЙДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БОЛАТ КЕРІМБЕК ӨТЕНАЙДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылына барып, 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылыс нысанымен танысты.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бұл әлеуметтік маңызы бар жоба ауыл тұрғындарын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтуға бағытталған. Қазіргі таңда амбулаторияның құрылыс жұмыстары 100 пайызға толық аяқталған, нысан барлық техникалық талаптарға сай салынған. Алайда, жер теліміне қатысты құжаттық мәселелердің толық шешілмеуіне байланысты амбулатория әлі ресми түрде қолданысқа берілмей отыр.

Бас мердігер — «ЖАРКЕНТ АЛҒЫР» ЖШС. Құрылыс белгіленген мерзімде әрі сапалы жүргізіліп, ғимарат инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.

Нысанды аралау барысында Жетісу облыстық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар, құрылыс және денсаулық сақтау саласының өкілдері мәселені жан-жақты талқылап, оны жедел шешу жолдарын қарастырды.

Осы орайда Мәжіліс депутаты Болат Керімбек мәселенің маңыздылығына тоқталып, нақты пікір білдірді:

«Бұл амбулатория – ауыл тұрғындарының ұзақ жылдан бергі күткен нысаны. Құрылыс толық аяқталғанымен, жер мәселесіне байланысты оның есігі әлі ашылмай отыр. Бұл — жол беруге болмайтын жағдай. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәселені қысқа мерзімде шешіп, амбулаторияны халық игілігіне беруді қатаң бақылауда ұстаймыз», — деді Болат Керімбек.

Сапар барысында ауыл ақсақалдары да өз пікірін білдірді. Өтенай ауылының беделді ақсақалы ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты:

«Бүгінгі таңда дәрігерлік амбулатория біз үшін ауадай қажет. Балаларымыз бен қарттарымыз аудан орталығына сабылмай, ауылда ем алса дейміз. Осындай маңызды нысанның салынуына атсалысқан барша азаматтарға, депутаттарға ауыл халқы атынан үлкен рақмет айтамыз. Енді осы ғимараттың тезірек халыққа қызмет етуін тілейміз», — деді Сүлейменов Беделбек.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *