«AMANAT»: ЖЕТІСУДА 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT»: ЖЕТІСУДА 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жетісу облыстық партия филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбектің қатысуымен «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысына Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сондай-ақ туризм басқармасының басшылары қатысып, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Жетісу облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында айқындалған ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, туризм салаларына бағытталған негізгі көрсеткіштердің 2025 жылы орындалу барысы қаралды.

Отырыс барысында сала жетекшілері аталған бағыттар бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар, қол жеткізілген нақты нәтижелер, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Сонымен қатар, бағдарламалық міндеттерді іске асыру барысында туындап отырған мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Атап айтқанда, Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы Сәкен Түкібаев өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, Жетісу облысының туристік әлеуетінің негізін бес негізгі басым дестинация құрайды. Олар – Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауы тау алабы.
Сәкен Түкібаевтың мәліметінше, 2025 жылдың жазғы туристік маусымына қарай Балқаш көлінің жағалауына апаратын автомобиль жолымен қатынау толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру және инвестиция тарту мақсатында Балқаш көлінің жағалау аймағында ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілуде.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек көтерілген мәселелердің маңыздылығына ерекше тоқталып, сайлауалды бағдарламаның орындалуын партиялық бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Ол жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жобалардың уақытылы әрі сапалы іске асуын қамтамасыз ету маңызды екенін жеткізді.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеліп, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар қабылданды.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *