ЖОЛАМАНДА САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ: АУЫЛДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ЖОЛАМАНДА САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ: АУЫЛДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Арыстанғали Арын Кербұлақ ауданына қарасты Жоламан ауылына жұмыс сапарымен барып, сайлаушылармен кездесті.
Сапар барысында халық қалаулысы елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдерімен ашық форматта пікір алмасты. Кездесу аясында ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі, өзекті мәселелері мен алдағы даму бағыттары кеңінен талқыланды.
Жиын барысында Арыстанғали Арын «AMANAT» партиясының 2023–2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, өңірде іске асырылып жатқан нақты жобалар мен бастамаларды таныстырды. Оның айтуынша, бағдарлама аясында ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және инфрақұрылымды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, партиялық жобалардың жүзеге асу барысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіліп, жаңа жұмыс орындары ашылып келеді. «Жер аманаты» жобасы шеңберінде пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды тиімді игеру жұмыстары жалғасуда. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
Кездесу барысында зиялы қауым өкілдері ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау, жастарға жағдай жасау, сондай-ақ спорт кешенін салу қажеттігі көтерілді.

Өз кезегінде Арыстанғали Арын көтерілген барлық мәселе мен ұсыныс назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.
— Ауылдарды дамыту – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Әрбір көтерілген мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады, – деді ол.
Жиын ашық әрі еркін форматта өтіп, тұрғындар өз пікірлерін ашық жеткізуге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді тиімді шешуге ықпал ететіні болды.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *