УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші туры аясында өткен матч 0:5 есебімен мадридтік «Реалдың» жеңісімен аяқталды.

Ойынның 25-минутында «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті ашып, 53-минутта есепті еселеді. Матчтың 74-минутында франциялық ойыншы хет-трик жасады.
Содан кейін 83-минутта мадридтік команданың жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга «Қайраттың» қақпасына төртінші голды салды.
Ойынның соңғы минуттарында шабуылшы Браим Диас есепті 0:5 жасады.
Источник: https://kaz.nur.kz/sport/football/2292210-qairat-oz-alangynda-realdan-0-5-esebimen-utyldy/

