Жетісу облысы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Чемпиондық Рух» жобасы өтті

Жетісу облысы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Чемпиондық Рух» жобасы өтті

Жобаның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың маңыздылығын және оның әрбір адам өміріндегі рөлін түсіндіру.
🫂Кездесу барысында спортшылар жастар мен қала тұрғындарына таңғы жаттығуларды көрсетіп, тәжірибе мен шеберлікті танытты. Спорт тек жаттығу ғана емес, ерік жігер, командалық рух екенін көрсетті.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы АРЫН Арыстанғали Қадырұлы, Талдықорған қалалық спорт бөлімінің басшысы Абишев Жаннұр Мұратұлы, еркін күрестен ҚР чемпионы Мұхтарұлы Ерасыл, жастар арасында ҚР чемпионы Үкиметұлы Мықтыбек, жастар арасында ҚР чемпионы Жанғазы Елнар және Каратэ Шинкиокушинкайдан спорт шебері Калихаметова Сания қатысып, жастарға қолдау білдірді.

Шарамызға белсенді қатысқаны үшін:
Жетісу облысының спорт басқармасы және Талдықорған қалалық бұқаралық спорт бөліміне алғысымызды білдіреміз.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *