САРҚАН АУДАНЫҢДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

САРҚАН АУДАНЫҢДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Амангелді Есбай Сарқан ауданындағы жұмыс сапары барысында білім саласының өкілдерімен кездесіп, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті.

Алдымен «Әділет» партиясы Сарқан аудандық филиалының ғимаратында ұстаздар қауымымен кездесу өтті. Басқосуда білім саласының өзекті мәселелері, ұстаз мәртебесі және педагогтердің қоғамдағы маңызды рөлі туралы пікір алмасылды. Кездесуге ауданның білім саласының өкілдері мен партия белсенділері қатысты.
Амангелді Есбай ұстаздардың жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбегіне тоқталып, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Ұстаз – ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағына тікелей ықпал ететін қадірлі мамандық иесі. Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Бүгінгі кездесудің басты мәні – ұстаздар қауымының пікірін тыңдап, олардың еңбегіне ризашылық білдіру», – деді Амангелді Есбай.

Кездесуден кейін «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Амангелді Есбай Сарқан қаласындағы ардагер ұстаздар Күлшат Қалиқызы Мұқашева мен Рысжан Тлеуованың шаңырақтарына арнайы барып, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кездесу барысында ардагер ұстаздардың білім беру саласына сіңірген көп жылғы еңбегі, шәкірт тәрбиелеуге қосқан үлесі және кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі атап өтілді. Ардагер ұстаздарға білім саласындағы еселі еңбегі үшін алғыс хаттар табысталды.

Өз кезегінде ардагер ұстаз Күлшат Мұқашева көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ тілегін жеткізді.
«Ұстаз еңбегінің еленіп, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілуі – біз үшін үлкен қуаныш. Арнайы келіп, мерекемен құттықтап, алғыс хат
табыстағандарыңызға ризашылығымды білдіремін. Білім мен тәрбие жолында еңбек етіп жүрген бүгінгі ұстаздарға табыс тілеймін», – деді Күлшат Мұқашева.

Ұстаздар күні аясындағы бұл кездесулер ұстаз еңбегін дәріптеп, аға буын өкілдерінің өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталды.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *