Жетісу облысында әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Былтыр бұл көрсеткіш 6,8 пайыз болса, қазір 5,2 пайызға дейін түскен. Бұл туралы «Жетісу» телеарнасы хабарлады.
Деректер әйелдер істері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысында айтылды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов төрағалық етті. Отырыста атқарылған жұмыстар қорытындыланып, өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған нақты іс-шаралар жоспары бекітілді.
Телеарнаның атап өтуінше, өңірде әйелдер мансап жолын жиі таңдайтын болған. Жұмыссыздық деңгейінің бір жылда 1,6 пайыздық тармаққа азаюы еңбек нарығында әйелдерге қолдау көрсету бағытындағы жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Әйелдердің жұмыспен қамтылуы отбасылардың әл-ауқатына және өңір экономикасының дамуына тікелей әсер етеді.
Дереккөз: «Жетісу» телеарнасы. Фото: «Жетісу» телеарнасы

