«Алтын-Емел» паркіне Сауд Арабиясынан әкелінген 30-дан астам ителгі ұшырылды

«Алтын-Емел» паркіне Сауд Арабиясынан әкелінген 30-дан астам ителгі ұшырылды

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Сауд Арабиясынан әкелінген отыздан астам ителгі табиғатқа жіберілді. Бұл туралы «Жетісу» телеарнасы хабарлады. Ителгі – жойылып кету қаупі бар сұңқар тұқымдас жыртқыш құс.

Құстар Қазақстанға Сауд Арабиясының «Хадад» халықаралық бағдарламасы аясында жеткізілді. Бағдарлама әлемде саны азайып бара жатқан құстардың популяциясын көбейтуді мақсат етеді. Енді «Алтын-Емел» паркі осы сирек құстардың мекеніне айналмақ.

Зоологтар осылайша сирек жыртқыш құстардың табиғи ортадағы санын қалпына келтіріп, көбейтуді көздейді. Бұл жоба екі ел арасындағы биологиялық әртүрлілікті қорғау саласындағы ынтымақтастықтың пилоттық үлгісі болды. Жетісу өңіріндегі «Алтын-Емел» ұлттық паркі сирек кездесетін жануарлар мен құстарды қорғаудағы маңызды аумақтардың бірі саналады.

Дереккөз: «Жетісу» телеарнасы. Фото: «Жетісу» телеарнасы

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *