Қапал маңынан ортағасырлық қаланың орны табылды

Қапал маңынан ортағасырлық қаланың орны табылды

Жетісу облысындағы Қапал ауылының маңында археологтар ежелгі қоныстың орнын зерттеп жатыр. «24KZ» арнасының мәліметінше, ғалымдар бұл қаланы біздің дәуіріміздің X ғасырына жатқызады. Табылған жәдігерлер мұндағы тұрғындардың мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де айналысқанын көрсетеді.

Қазба жұмыстары негізінен қаланың орталық бөлігі – бір кезде биік қорғанмен және күзет мұнараларымен қоршалған цитадель маңында жүргізілуде. Зерттеушілер қыш ыдыс сынықтарын, керамикалық бұйымдарды және мал сүйектерін тапқан. Шаруашылық шұңқырлардан бидай, арпа, тары қалдықтары шықты. Ескерткіш Қапал-Қызылағаш қалашығы деп аталып отыр, ал оның орнын жергілікті өлкетанушы Роман Мартыненко анықтаған.

Қапал округінен барлығы 500-ден астам көне ескерткіш тіркелген. Олардың қатарында Қалақай ғибадатханасы мен Баянжүрек жотасындағы петроглифтер бар. Ғалымдардың болжамынша, кешеннің аумағы он гектардан асады, жақын маңнан некрополь мен екі керуен-сарайдың орны да табылған. Ескерткішті толық зерттеуге әлі бірнеше жыл қажет болады.

Дереккөз: 24.kz. Фото: 24.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *