Жетісу облысында 30 мың тонна бақша өнімі жиналды

Жетісу облысында 30 мың тонна бақша өнімі жиналды

Жетісу облысында көкөніс пен бақша өнімдерін жинау қызу жүріп жатыр. «24KZ» арнасының мәліметінше, хабар шыққан күнге дейін өңір алқаптарынан 30 мың тонна өнім алынған. Шаруалардың бұл салаға қызығушылығы жыл сайын артып келеді: былтыр бақша дақылдары 8200 гектардан астам жерге егілсе, биыл бұл көрсеткіш 8400 гектарға жеткен.

Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында қауын-қарбыз өсіретін шаруалар егістік көлемін ұлғайтып, өнімдерін Семей, Өскемен және басқа өңірлерге жөнелтіп жатыр. Сұраныс жоғары, басқа облыстардан да тапсырыстар түсуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ержан Сейітбековтің айтуынша, қазіргі уақытта 908 гектардан өнім жиналған, орташа өнімділік гектарына 326 центнерді құрап отыр. Жиналған өнімнің 1800 тоннасы Ресейге экспортталды. Жыл соңына дейін жалпы 50 мың тонна өнім алу күтілуде. Бақша өнімдерінің 65 пайызы Ақсу және Қаратал аудандарының үлесінде.

Бақша өнімдерімен қатар өңірде дәнді дақылдарды жинау науқаны да жалғасуда. Биыл облыс шаруалары 500 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен.

Дереккөз: 24.kz. Фото: 24.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *