Қапалда «Жетісудың 7 қазынасы» жобасы Тамшыбұлақтан басталды

Қапалда «Жетісудың 7 қазынасы» жобасы Тамшыбұлақтан басталды

Ақсу ауданының Қапал ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жетісудың 7 қазынасы: Тамшыбұлақ» шарасы өтті. Қатысушылар әйгілі Тамшыбұлақ бұлағының маңына ағаш отырғызды, деп хабарлады Vestnik19.kz.

Шараны «Jetisy jastary» КММ ұйымдастырды. Бұл – өңірдің бірегей табиғи және тарихи-мәдени нысандарына жұртшылықтың назарын аударуға арналған жобаның алғашқы кезеңі. Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында бұлақ басына 35 шырша егілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты – көрікті жерлердің тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті арттыру және облыстың тарихи мұрасын насихаттау, оған жастар мен белсенділерді тарту.

Өлкетанушылар орталығының басшысы Кәжет Андас Қапал өңірінің тарихи мұрада ерекше орын алатынын айтып, 2017 жылдан бері облыстағы киелі жерлерді анықтау жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай бастамалар жас буынның туған жер тарихын тереңірек білуіне ықпал етеді.

Көшет отырғызуға Қапал орман шаруашылығының қызметкерлері көмектесті. Мекеме басшысы бұл жұмыс жасыл желекті қалпына келтіру мен кеңейтуге бағытталған ауқымды істің бір бөлігі екенін жеткізді. Шараға колледж студенттері мен еріктілер де қатысты.

Дереккөз: Vestnik19.kz. Фото: Vestnik19.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *