Көктал ауылының балуаны Иорданияда әлем чемпионы атанды

Көктал ауылының балуаны Иорданияда әлем чемпионы атанды

Панфилов ауданы Көктал ауылының тұрғыны Қанат Байсыиқов Иорданияның Амман қаласында өткен ардагерлер арасындағы халықаралық жарыста грек-рим күресі бойынша 62 келіге дейінгі салмақта барлық қарсыластарын жеңіп, жүлделі бірінші орынды иеленді, деп хабарлады Vestnik19.kz.

Бұл додаға әлемнің әр елінен 35 жастан асқан мықты балуандар жиналды. Чемпионат бағдарламасы еркін және грек-рим күресінің бес жас тобындағы белдесулерін қамтыды. Жоғары бәсекеге қарамастан, Жетісу өкілі шеберлігі мен тактикалық дайындығын көрсетіп, қарсыластарына мүмкіндік бермеді.

Балуанды бұл жарысқа тәжірибелі жаттықтырушы Асылбек Әукенов дайындады. Оның айтуынша, олар бұл мақсатқа ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде дайындалып, техника мен тактиканың әр элементін пысықтаған. Жаттықтырушы Иорданиядағы бәсекенің өте жоғары болғанын, кілемге түрлі елдердің атақты балуандары шыққанын айтты. Ол алтын медальды табанды еңбектің, тынымсыз жаттығудың нәтижесі деп бағалап, әлемдік додада Қазақстанның әнұраны шырқалып, туы көтерілгеніне қуанышын білдірді.

Дереккөз: Vestnik19.kz. Фото: Vestnik19.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *