Жетісулық екі боксшы қыз Черногориядағы әлем чемпионатында бақ сынауда

Жетісулық екі боксшы қыз Черногориядағы әлем чемпионатында бақ сынауда

Жетісу облысының екі боксшы қызы Черногорияда өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын қорғап жүр, деп хабарлады Vestnik19.kz. World Boxing қамқорлығымен өтетін 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы дода 16 қазанда Будва қаласында басталды. Оған 69 елден 500-ге жуық боксшы қатысуда. Қазақстан 20 спортшыны – 10 жігіт пен 10 қызды жарысқа қосты.

Қазақстан ҰОК мәліметінше, қазір медаль үшін күресті ер адамдар құрамасынан 7 боксшы және бірнеше қыз жалғастыруда. Солардың қатарында 51 келіде өнер көрсететін Мәдира Жұмақан мен 75 келіде шығатын Алтынгүл Айтмұхан бар.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 1/8 финалда Мәдира Жұмақан Италия өкілімен кездесіп, 5:0 есебімен жеңді. Қарсыласы алғашқы раундтан бастап шабуылға басымдық беріп, бастаманы қолға алуға тырысқанымен, Мәдира сенімді қарсы шабуылдармен жауап берді. Шешуші раундта ол италиялық боксшыны нокдаунға жіберіп, жекпе-жектің тағдырын шешті.

Алтынгүл Айтмұхан Швейцария боксшысымен жұдырықтасады. Жастар арасындағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.

Дереккөз: Vestnik19.kz. Фото: Vestnik19.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *