«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫ МЕН ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫ МЕН ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Панфилов ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбектің қатысуымен «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының көшпелі отырысы өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық саяси кеңесінің мүшелері, Панфилов аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, аудандық саяси кеңес Бюросының өкілдері, аудандық бөлім басшылары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында бекітілген Жол картасының 2023–2027 жылдарға арналған көрсеткіштерінің 2025 жылы орындалу барысы қаралды.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракция мүшелерінің атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалды.
Отырыста баяндама жасаған жауапты тұлғалар аудан көлемінде сайлауалды міндеттерді орындау бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісті.

Сондай-ақ, бағдарламалық көрсеткіштердің орындалуында туындаған бірқатар мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек партияның сайлауалды бағдарламасының әр тармағы нақты нәтижеге бағытталуы тиіс екенін атап өтіп, депутаттық фракция мен жауапты атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Отырыс қорытындысы бойынша сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көзделген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар мен ұсыныстар қабылданды.

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *