Алакөл ауданының Қабанбай ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Алакөл ауданының Қабанбай ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Республика күні қарсаңында Алакөл ауданының Қабанбай ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлады.

Жалпы аумағы 2 076,2 шаршы метр болатын ғимаратта төрт зал бар: ойын залы, бокс, күрес және жаттығу залдары. Мұнда баскетбол, волейбол, футбол, бокс, дзюдо, үстел теннисі және жеңіл атлетикамен шұғылдануға болады. Кешенде бір мезгілде 80 бала жаттыға алады. Нысанның құрылысы өткен жылдың сәуірінде басталған.

Ашылу рәсімінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Дуанаев өңірдегі көрсеткіштермен бөлісті. Оның айтуынша, облыс тұрғындарын спорт инфрақұрылымымен қамту деңгейі 70,5 пайызға жетіп, республикалық орташа деңгейден асқан. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 71,4 пайызға жеткізу жоспарланған.

Басылымның мәліметінше, қазір облыста 1 146 спорт нысаны бар. Өңір құрылғаннан бері 40 жаңа спорт нысаны ашылып, оның жетеуі Алакөл ауданына тиесілі. Сондай-ақ Лепсі ауылында 240 орындық жатақханасы бар көпфункционалды спорт кешенінің жобасы қарастырылып отыр.

Дереккөз: Dalanews.kz. Фото: Dalanews.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *