Талдықорғанның 2050 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді

Талдықорғанның 2050 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді

Үкімет Талдықорған қаласының жаңа бас жоспарын бекітті. Zakon.kz хабарлағандай, тиісті қаулы 2025 жылғы 31 желтоқсанда қабылданып, 2026 жылғы 17 ақпанда күшіне енді. Сонымен бірге қаланың бұрынғы бас жоспары күшін жойды. Құжатта 2024 жыл бастапқы жыл болып алынған. Бірінші кезең 2032 жылға дейін, ал есептік мерзім 2050 жылға дейін белгіленген.

2024 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша Талдықорғанда Еркін және Өтенай ауылдық округтерін қоса алғанда 204 059 адам тұрған. Жоспар бойынша 2050 жылға қарай халық саны 300 мыңға жетеді. Тұрғын үймен қамтуды бірінші кезеңде бір адамға 25 шаршы метрге, ал есептік мерзімде 30 шаршы метрге жеткізу көзделген.

Білім саласында 2050 жылға дейін 23 900 орындық 15 жаңа мектеп салу, 9 мектепті кеңейту және 11 мектептен тыс нысан ашу жоспарланған. Мақсат – балаларды бір ауысымда оқыту. Сондай-ақ Басқуат қазандығын кеңейтіп, газға көшіру, газ құбырларын ұзарту қарастырылған. Экономиканың басым бағыттары ретінде тамақ, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, туризм және индустриялық аймақтағы экспортқа бағытталған өндіріс аталды.

Дереккөз: Zakon.kz. Фото: Zakon.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *