Жетісуда көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды

Жетісуда көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды

Жетісу облысында көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары қолға алынды. «Жетісу» телеарнасының хабарлауынша, диқандар қазір ауыл шаруашылығы техникасын тексеріп, дәнді дақылдардың тұқымын сараптап, тұқымды өңдеуге арналған препараттарды түгендеп жатыр.

Мол әрі сапалы өнім алуға пестицидтер де әсер етеді. Алайда бұл препараттардың құрамында химиялық заттар бар. Сондықтан оларды пайдаланғанда қауіпсіздік талаптарын сақтап, белгіленген мөлшерден асырмау маңызды. Мамандар осы мәселеге ерекше көңіл бөлуді ескертеді.

Осыған байланысты топыраққа арналған дәрумендерді жеткізетін компания өкілдері жергілікті шаруалармен кездесулер өткізіп, препараттарды дұрыс қолдану тәртібін түсіндіруде. Осындай кездесулердің бірі облыс орталығы Талдықорғанда өтті. Мұндай басқосулар фермерлерге жаңа маусымға сауатты дайындалуға және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Көктемгі дала жұмыстары аграрлық өңір үшін жылдың ең маңызды науқандарының бірі саналады.

Дереккөз: «Жетісу» телеарнасы. Фото: «Жетісу» телеарнасы

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *