Кербұлақ ауданында он ауылға табиғи газ жетті

Кербұлақ ауданында он ауылға табиғи газ жетті

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында тағы он елді мекен табиғи газға қосылды. «24KZ» арнасының мәліметінше, бұл алты мыңнан астам тұрғынның тұрмыс жағдайын жақсартады. Ауданды газдандыру жұмыстары өткен жылы басталған, қазір 63 елді мекеннің 22-сі көгілдір отынды пайдаланып отыр.

Қаспан ауылының тұрғындары газдың келуімен көмір мен отын дайындау, газ баллонын ауыстыру үшін кезекке тұру сияқты қиындықтар артта қалғанын айтады. Аудандық бөлімнің мамандары тағы 6 ауылға газ тарату желілерінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын, құрылысты 2027 жылы бастау жоспарланғанын хабарлады.

Облыс бойынша халықтың жартысынан астамы табиғи газ тұтынады. «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры аясында алты ірі жоба жүзеге асырылмақ. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаевтың айтуынша, 2028 жылдың басына дейін 84 елді мекенді газдандыру көзделген, сонда газға қосылған ауылдар саны 210-ға жетеді.

Сондай-ақ жыл соңына дейін Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандарындағы 16 елді мекенге газ берілмек. Нәтижесінде облыста табиғи газ пайдаланатын ауылдар саны 126-ға жетеді.

Дереккөз: 24.kz. Фото: 24.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *