Ескелді ауданының педагогі «Жетісудың үздік мұғалімі» атанды

Ескелді ауданының педагогі «Жетісудың үздік мұғалімі» атанды

Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Н. Алдабергенов атындағы орта мектептің тарих және география пәндерінің мұғалімі Анжелика Нестеренко «Жетісудың үздік мұғалімі» деп танылды, деп хабарлады Tinfo.kz.

Жиырма жылдық педагогикалық өтілі бар ұстаз оқушылардың зерттеушілік сауаттылығын арттыруға және білім берудегі цифрлық технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Ол география мен Қазақстан тарихы бойынша контекстік тапсырмалар жинақтарының авторы. Сонымен қатар оның қатысуымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған funcedu.kz білім беру платформасы әзірленген. Педагог Ы. Алтынсарин атындағы академия үшін әдістемелік ұсынымдар дайындауға да атсалысқан.

Анжелика Нестеренконың еңбегі бұған дейін де бірнеше рет жоғары бағаланған. 2023 жылы оған «Үздік педагог» атағы берілсе, 2024 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Ұстаздың пікірінше, қазіргі мұғалім үнемі білімін жетілдіріп, оқыту мен тәрбиеде жаңа тәсілдер іздеп отыруы тиіс.

Дереккөз: Tinfo.kz. Фото: Tinfo.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *