Республика күні Жетісу облысында 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Республика күні Жетісу облысында 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Республика күні мен Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Жетісу облысының 43 ту тұғырында бір мезгілде Мемлекеттік Ту көтерілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Alash.kz хабарлады.

Облыс орталығындағы басты рәсім «Қыран елім – Қазақстан» деген атпен Талдықорғандағы «Жастар» саябағының орталық ту тұғырында өтті. Оған облыс пен қала басшылығы, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдары мен әскери қызметшілер, жастар және қала тұрғындары қатысып, жалпы мыңға жуық адам жиналды. Шараға қатысқан тұрғындар жерлестерін мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен бейбітшілігіне тілектестік білдірді.

Сол күні облыстың 42 елді мекеніндегі ту тұғырларында да Мемлекеттік Ту көтерілді. Олардың арасында Көксу және Сарқан аудандарында жаңадан орнатылған үш ту тұғыры бар. Биыл өңірде Мемлекеттік рәміздер күні мен Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған «35 ауыл – 35 Тұғыр» акциясы аясында ауылдарда ту тұғырлары орнатылған болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қазақстандық патриотизмді, жалпыұлттық бірлікті және азаматтық бірегейлікті нығайтуға бағытталған.

Дереккөз: Alash.kz. Фото: Alash.kz

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *