Алматы – Өскемен тас жолының Мұқыры асуындағы учаскесі жөндеуден кейін ашылды

Алматы – Өскемен тас жолының Мұқыры асуындағы учаскесі жөндеуден кейін ашылды

Алматы – Өскемен республикалық тас жолының 213–234 шақырымдары аралығындағы учаскесі күрделі жөндеуден кейін көлік қозғалысына ашылды. Бұл туралы «Жетісу» телеарнасы хабарлады. Мұқыры асуы арқылы өтетін 21 шақырымдық жол бір жылға жуық жөнделіп, салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Жол ашылғаннан кейін Алматы бағытына шыққан жүргізушілер енді Мұқыры ауылына бұрылмайды, жаңартылған трассамен тура жүре береді. Арна бұған дейін жазғандай, жөндеу кезінде жол қауіпсіздігі үшін Талдықорғаннан Алматыға шыққан көліктер биыл 28 сәуірден бастап уақытша Мұқыры ауылы арқылы жіберілген еді.

Сол кезде берілген мәліметке қарағанда, жоба бойынша учаскедегі жол жабыны толық жаңартылып, тау беткейлері тегістелді, сондай-ақ су өткізетін құбырлар орнатылды. Жұмыс барысын облыс әкімі Бейбіт Исабаев барып көрген. Бұған қоса, Талдықорғаннан Алматы облысының шекарасына дейінгі бағытта тағы үш жол учаскесін орташа жөндеу жоспарланғаны айтылған болатын.

Дереккөз: Жетісу телеарнасы (zhetysutv.kz). Фото: Жетісу телеарнасы (zhetysutv.kz)

Комментарии

Комментариев пока нет. Почему бы ’Вам не начать обсуждение?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *