Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек «Minmetals Logistics Group Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Кездесуде «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жоба талқыланды. Бұл туралы «Вестник Жетісу» басылымы хабарлады.
Жобаның құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның аясында 200 гектар аумақта «Интеграциялық өнеркәсіптік-логистикалық кешен» салу көзделген. Жоба озық цифрлық технологиялар мен ұшқышсыз көлік шешімдерін енгізу арқылы заманауи «ақылды» хаб құруды мақсат етеді.
Жобаны Қытай Халық Республикасының «Minmetals Logistics Group Co., Ltd.» компаниясы мен оның Швейцариядағы серіктесі «Harvest Group SA» жүзеге асырады. Құрылыс жұмыстары 2026–2029 жылдарға жоспарланған. Кешен іске қосылғанда 1500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Басылымның мәліметінше, жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының тиімділігін арттырады. Сонымен қатар кедендік рәсімдер жеделдеп, логистикалық шығындар азаяды деп болжанып отыр.
Дереккөз: Вестник Жетісу (vestnik19.kz). Фото: Вестник Жетісу (vestnik19.kz)

